#замандас
Explore tagged Tumblr posts
pavelmilytin-blog · 7 years ago
Photo
Tumblr media
г. Караганда, конкурс Замандас 2008. #павелмилютин #замандас #мужчинасгитароймилютин #караганда (at Karaganda)
0 notes
ombyqazaqtary · 4 years ago
Text
Дорогие друзья! Вы уже в курсе, что с 1 июля мы снова запустили подписку на единственную казахскую газету в регионе "Омбы қазақтары". 📰В нашей газете освещаются события из жизни казахской общины региона, публикуются рассказы и статьи о наших земляках, авторские произведения на казахском и русском языках. У нас обновилась команда нашей редакционной коллегии - мы объединили две редколлегии - газеты "Омбы казактары" и "Замандас", тем самым сделав команду еще опытнее и профессиональнее. На заседании редакции мы выбрали главного редактора нашей газеты. Теперь лицом газеты становится Назия Исакова! Успейте подписаться на газету, это можно сделать во всех населенных пунктах, района�� Омской области. 📫Газета выходит по графику один раз в месяц и будет доставляться почтальонами на дом подписчику во все районы и населенные пункты Омской области. 📩Подписаться на газету можно в любом отделении Почты России, назвав подписной индекс нашей газеты - ПР 779 📌И конечно же через интернет по ссылке: https://podpiska.pochta.ru/press/ПР779 Дополнительная информация по телефону: 8-904-588-7798 Подпишитесь на газету сами, подпишите своих друзей и родственников! С нами будет интересно! #казахиомска #ombyqazaqtary #омбықазақтары
Tumblr media Tumblr media Tumblr media
0 notes
darulahnaf · 7 years ago
Text
Шейх Саид Фуданың маңызды ескертулері мен тезистері. 1-бөлім.
Tumblr media
Шейх Саид Абдул-Латиф Фуданың (Алла Тағаланы оны сақтасын) дəрістерінен өте маңызды ескертулер мен тезистер. (17/02/2018) 1 - الانتفاع بما نتعلم هو تبعٌ لتعلم ما ينبغي علينا أن نتعلمه.  Ізденіп жатқанымыздың пайдасын алу, іздену керек болғанымызды ізденудің себебінен. 2 - أول درجات العمل هو البلاغ والبيان.  Амалдың ең алғашқы дəрежесі – жеткізу мен түсіндіру. 3 - لو جمعنا مذهب أبي حنيفة -رحمه الله- في كفة، والمذاهب الأخرى في كفة أخرى لساواها في الانتشار.  Егер біз Əбу Ханифаның (Алланың оған рақымы болсын) соңынан ерушілерімен басқа мəзһабтың ұстанушыларын таразының екі жағына қойсақ, екі тарап та бірдей болар еді. 4 - الميزة التي تميَّز بها الإمام أبو حنيفة -رحمه الله- وتلامذته وتلامذة تلامذته أنه قد وردتنا عنهم كتب في العقيدة مصنفة لها بداية ونهاية، وليست مجرد كلمات أو روايات.  Əбу Ханифа мен оның шəкірттерін, сондай-ақ, оның шəкірттерінің шəкірттерін ерекшелеп тұрған нəрсе - олардан ақида бойынша бізге басы мен соңы бар кітаптың жеткендігі, жай ғана сөйлемдер мен мəтін бөлігі ғана емес. 5 - أدرك الإمام أبو حنيفة -رحمه الله- ستاً من الصحابة فهو قطعاً من السلف.  Əбу Ханифа алты сахабамен замандас болған. Сəйкесінш��, ол да сəлəфтардың (əуелгі ізгілердің) қатарынан. 6 - متن الإمام الطحاوي -رحمه الله- صغير جداً، ولكنه يتكلم عن أكثر مباحث التوحيد ومعظمها، وإن كان على طريقة مختلفة عما ألفناها عن كتب المتأخرين.  Имам Тахауидің (Алла оны рақымына алсын) мəтіні өте қысқа. Бірақ, ол біз түзген соңғы ғұламалардың кітаптарынан біраз ерекшеленсе де, ақидадан көп мағлұматтар береді. 7 - ما يميز متن الإمام الطحاوي -رحمه الله- أنَّ عبارته سهلة، واضحة، ميسورة، مباشرة، ومع ذلك فإنها عميقة.  Тахауи мəтінін өзгешелеп тұрған нəрсе - оның оқуға өте жеңіл əрі түсінікті екендігі. Бірақ, соған қарамастан, оның мағынасы өте терең. 8 - اجتمع في عبارة المتقدمين أسلوبان: الوضوح والمباشرة في التعبير عن المعاني، والعمق.  Əуелгілердің сөйлеу (тілінде) екі стиль бар: Айқындық жəне тіке нақыл сөз, сондай-ақ, тереңдік. 9 - كَثُرت الشروح على كتاب الإمام الطحاوي -رحمه الله-؛ فمنهم من أوجز، ومنهم من فصَّل، ومنهم من اهتم ببعض المسائل دون بعض.  Имам Тахауидің (Алла оны рақым етсін) еңбегіне жазылған шархтар өте көп. Солардың ішінде қысқа шарх жасағандар бар, ал кейбір ғұламалар тереңірек. Сондай-ақ, кейбір тақырыптарға бөлек тоқтағандар да бар. 10 - جماهير علماء الأمة تواترت أخبارهم ومقولاتهم وأعمالهم وكلماتهم وكتبهم وسيرهم على ما هو موافق لما جاء في كتاب الإمام الطحاوي -رحمه الله- وهذا ما يطمئن القلب ويبعث فيه الارتياح.  Бұл үмметтің көптеген ғұламаларынан, ұрпақтан ұрпаққа, имам Тахауидің кітабына сəйкес амалдары жəне сөздері, кітаптары жəне өмір сүру үлгісі жайлы риуаяттар жетуде. Бұл жүректі тыныштандырады жəне қуаныш ұялатады. 11 - مقصدنا ليس هو مجرد اختراع معنى لم يخطر على بال من تقدمنا، أو لن يتنبه إليه من سيلحقنا، بل مقصدنا هو فهم هذا الدين الذي أنزله الله سبحانه وتعالى على نبيه العظيم سيدنا محمد -صلى الله عليه وسلم- وأمره أن يبيَّنه للناس أجمعين.  Біздің мақсат – бұл бізден əуелгілердің ойына кіріп-шықпаған, бізден кейінгілер мəн беріп те қарамайтын дүниені ойдан шығару емес. Біздің мақсат - бұл Алла Тағала пайғамбарына (Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын) жіберген жəне оны күллі адамзатқа түсіндіруге əмір еткен дінді түсіну. 12 - الأليق بعلم التوحيد أن لا يكون فيه إجمال.  Таухидке ең үйлесімдісі - бұл онда (таухидте) қысқа баяндаманың болмауы. (яғни, ол терең түсініктеме болуы тиіс) 13 - مما يميز مذهب أهل السنة أنه لم يقل بشيء إلا وهو مطابق لهذا البيان.  «Əһлу-Сунна» мəзхабын ерекшелеп тұрған нəрселердің бірі – бұл біздің мəзхаб соған сəйкес айқындықтан басқаны айтпайды. 14 - الإمام الطحاوي -رحمه الله- هو من كبار العلماء الذين يُقتدى بهم.  Имам əт-Тахауи (Алла оны рақым етсін) етегінен ерушілері бар, ұлық ғұлама. 15 - علماء الإسلام إنما يبرزون بحسب الاستحقاق.  Ислам ғалымдары сіңдірген еңбегіне сай үздік болады. 16 - عندما نقول عامة الناس فليس المقصود بهم درجة منخفضة من الناس، بل المعنى هو عموم الناس.  Біз қарапайым халық дегенде, төмен дəрежедегі адамдарды түсінбейміз. Қарапайым халық дегенде, көпшілікті түсінеміз. 17 - العلماء يقيمون أعمالهم بناء على ما هو الحق، وما يجب عليهم أن يقولوه، وما هو الحق الذي يرونه، فإذا تواترت أعمال الإنسان على هذا النسق فإنه يُعرف أول ما يُعرف عند طلاب العلم والعلماء من المتخصصين، ثم يعرفه عامة الناس بما يبذله لهم من بيان للدين.  Ғалымдар – ақиқатқа, айтуы міндет болғанға жəне өздері көріп тұрған шындыққа сəйкес амал етеді. Ал халық сол системаға сəйкес амал ете бастағанда, ол ғалымның аты шыға бастайды. Алдымен оны білім талап етушілер мен ғалым-сарапшылар таниды. Соң, ол туралы өздері үшін дін үйренуде қандай еңбек сіңдіргеніне қарап қарапайым халық таниды. 18 - أخوف ما يخافه الناس هو فيمن يتكلمون في مسائل أصول الدين؛ لأن صوابهم عظيم وخطأهم جسيم.  Адамдардың қорқатын ең үлкен қауіптісі - бұл Усул əд-Дин (дін негіздері) жайлы айтушы. Себебі, олардың шындықтары ұлық, ал өтірігі өте үлкен. Дереккөз: Aslein.net Аударған: Kun saeedan | كن سعيدًا Дайындаған: Darulahnaf.com
from Blogger http://ift.tt/2tjWmZX via IFTTT
0 notes
darulahnaf · 7 years ago
Text
Шейх Сайд Фудамен сұхбат
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгін бізбен бірге Ислам ақидасы мен усул фиқһ ғылымдарының докторы Сайд Фуда. Шейх Сайд , қош келдіңіз.  Шейх Сайд: Рахмет. Жүргізуші: Біздің бүгінгі сұхбатымыз имам әл-Әшғари мен оның көзқарастарына байланысты болады. Бәлкім, сіз алдымен баршамызға пайдалы мағлұмат алу үшін имам жайлы бір-екі ауыз сөз айтарсыз? Шейх Сайд: Қысқаша айтатын болсақ, имам әл-Әшғари тарихшылардың айтуы бойынша хижраның 260 жылы мұсылмандардың алғашқы үш ғасырында дүниеге келген. Сенімді пікірлерге сүйенсек, ол хижра жыл санауы бойынша 324 жылы дүниеден өткен. Өмірінің алғашқы сәттерінде муғтазилит болған және 40 жыл осы көзқарасты ұстанды. Кейін өз ұстанымын қайта қарастырып, муғтазилит және басқа ағымдардың имамдарымен пікір таластырып, соңында Әһлу Сүннет мәзһабын, яғни сахабалар мен табиғиндар мәзһабын сақтауға бел буды. Осылайша рационалды ғылымдар, логика, пікірсайыс саласындағы біліміне сүйене отырып, сүннилер мәзһабының негізін қорғай бастады. Оның кезінде салыстырмалы түрде барша сүннилер өз пікірлерін оған жатқыза бастады, себебі олар оның жүректерінде болған, бірақ логикалық түрде дәлелдеп, пікір таласта қорғай алмаған шындықтарды дәлелдеп, айтқанын қорғап қалатындығын көрген. Имам әл- Әшғаридың білімі шыңдалған кезде Әһлу Сүннет өздерін осы имамға жатқыза бастады. Сүннет ұстанушылардың басқа бір тобы өз пікірлерін сол заманда, бірақ халифаттың басқа бөлігінде өмір сүрген басқа имамға жатқыза бастады. Ол имам Әбу Мансұр әл-Матуруди. Осы екі имамнан бері, қазіргі күнге дейін Әһлу Сүннет өзін осы екі имамға жатқызады.  Жүргізуші: Имам әл-Әшғари мен имам әл-Матрудидің пікірлерінде айырмашылықтар бар ма?  Шейх Сайд: Кейбір сұрақта болмашы өзгешеліктер бар. Бұл айырмашылықтар жайлы ибн Камал-паша секілді ғалымдар арнайы жазған. Менде әшғарилер мен матурудилер екіге бөлінгендігі туралы сұрақтарға түсініктеме беретін кітап бар. Олардың саны он бірге саяды. Дегенмен ғалымдар: әшғарилер де, матурудилер де – сенім негізінде айырмашылықтың жоқтығына ортақ пікірде. Ақида: негіздер және жекелік боп бөлінеді. Әшғарилер мен матурудилердің айырмашылығы – ақиданың сол немесе басқа қалпының тұжырымдарындағы айырмашылықта. Мұны қалай түсінуге болады? Бір мағына әр түрлі сөзбен түсіндіріледі. Бірақ сенім тұрғысында әшғарилер мен матурудилердің бөлінуіне себеп болар еш сұрақ жоқ. Айырмашылық, жоғарыда айтылғандай, ғалымдардың атауы бойынша «ақидаға қатысты жекелік сұрақтарға» байланысты. Сонымен қоса әшғарилік ғалымдар әшғари мен матурудидің айырмашылығына байланысты сұрақтарда имам Әбу Мансұр әл-Әшғаридің пікірін таңдаған, және матуруди ғалымдары да имам әл-Әшғаридің пікірін таңдаған. Сол себепті Әһлу Сүннет ғалымдары әшғарилер мен матурудилерді бір үлкен мектеп деп есептейді. Имам әл-Әшғари танымалырақ болғандықтан Әһлу Сүннетті имам әл-Әшғариге жатқызады. Жүргізуші: Сіздің сөзіңізден шығатыны, егер әшғарилер мысалға муғтазилиттермен бір сұраққа байланысты бөлінсе, матурудилер әшғарилермен келіскен бе? Шейх Сайд: Иә, әрине. Тек екі имам халифаттың екі бөлігінде болған. Имам әл-Әшғари Бағдатта тұрды. Ол тек қысқа мерзімді жиһангерлікке шықты және Бағдатта қайтыс болды. Ал имам Әбу-Мансұр әл-Матуруди КСРО құрамына кіретін орталық Азияда ��Мәуренахр» аймағында тұрды. Имам әл-Әшғари муғтазилиттермен және басқалармен пікірталасқа түскен. Иудейлермен, христиандармен, индустармен, философтармен пікірталас өткізді. Және бұл имам оларға қарсы бірнеше кітап жазды. Жүргізуші: Ол кітаптар біздің кезімізге дейін жетті ме? Шейх Сайд: Алланың рақымымен қазір 6 кітап бар. Олардың кейбіреуі шәкірттерінен жеткен. Сонымен қоса шәкірттерінің шәкірттері де оның кітаптар��на қысқаша баяндама жасаған. Имам Ибн Фурақ өзінің «Мақаләт әл-Әшғари» кітабында ұлы имамның пікірлерін келтірген. Және де бұл кітап имам әл-Әшғаридің пікірлерімен танысуға болатын бірден-бір кітап боп табылады. Бірақ имам әл-Әшғаридің көп кітаптары біздің заманымызға дейін жетпеген. Олар хижраның алтыншы, жетінші, сегізінші ғасырларында Бағдатта, Шамда және Мысырда болған. Сол заманның әшғари ғалымдары өз еңбектерінде имам әл-Әшғаридің қолда бар кітаптарынан дәйексөз келтіріп отырған. Бізге аз көлемді, үлкен көлемді 6-7 кітабы жетті. Әбу Мансұр әл-Матурудиге қайта оралайық. Имам әл-Әшғари заманында халифаттың екінші бір бөлігінде басқа ұлы имам өмір сүрді. Бұл екі имамның замандас болуы таң қаларлық жағдай. Әбу Мансұр әл-Матуруди хижра жыл санауы бойынша 333 жылы қайтыс болған. Екі имам бір-бірін танымағанмен, тіпті білмегенмен олардың пікірлері бірдей болды. Бұл екі имамның шәкірттерінің шәкірттері кездесіп, олардың ұстаныстарын салыстыра келе бұл екеуі бір мәзһаб деген қорытынды жасады. Әбу Мансұр әл-Матурудиді имам Әбу Ханифаға жатқызады. Себебі ол өз еңбектерін Әбу Ханифадан жеткен кітаптарға сүйене отырып жазған. Дәл солай имам Әл-Әшғари өз мәзһабын әш-Шафиғидың усул мен өзге де еңбектеріне негіздеп құрған. Сонымен, әл-Матуриди – ханафи, ал имам әл-Әшғари шафиғи мәзхабынан болған. Түп негізіне қарасақғ әшғарилер де, матурудилер де – бір топ, бір мәзһаб. Оның барлығы – Әһлу Сүннеттің ұлы ғалымдары.  Жүргізуші: Имам әл-Әшғари көпке танымал екенін білеміз. Ол мұсылмандарды біріктіруде қандай үлес қосты? Шейх Сайд: Имам әл-Әшғари муғтазилік ұстанымынан бас тартты. Бұл бір күнде емес, муғтазилиттердің имамымен ұзақ уақыт пікірталас нәтижесінде болды. Айта кететін жайт, 3-ғасырда, яғни имам әл-Әшғари заманында муғтазилиттер мәзһабы кеңінен танымал болған. Тіпті шариғат соты болу үшін муғтазилит болу керек болатын! Имам әл-Әшғари ортаға шыққан кезде муғтазилиттер оған ештеңе дей алмай қалды және сүннетті ұстанушы мұсылмандар имам әл-Әшғариға бет бұрды. Имам әл-Әшғари кейіннен ұлы имамдар болған әл-Бундар, Әбу әл-Хасан әл-Бахили, Ибн Муджахид сияқты шәкірттер оқыта бастады. Бұл есімдер әлемге әйгілі болмаса да, олар сол заманның ұлы имамдары еді. Ал олардың шәкірттерін қазыр барша Ислам қауымы біледі: әл-Бақилани, Ибн Фурақ, Әбу Ысқақ әл-Исфараиини. Осы имамдардың атағы көпке жеткені сонша, тіпті жердің әр бұрышынан мұсылмандар білім алуға келген. Мысалы, Мағрибтан немесе Андалусиядан. Мұсылмандар имам әл-Әшғаридың шәкірттерінен білім алуға Бағдат пен Шамға ��елген. Ұлы ғалым-мәлики Әбу Уалид әл-Баджи Мағрибтан Бағдат пен Шамға осы ғалымдардан білім алуға келді. Әл-Баджи – малики фақихы, усул мен логика білгірі. Өзімен замандас Ибн Хазммен пікір талас жүргізген. Ол пікір талас қазірге дейін бір томдық кітап түрінде жеткен. Бұл пікір таластың соңы захирит мәзһабының ол аймақта таралуының алдын алды. Мұның бәрі әшғари әл-Баджидің еңбегінің арқасы. Жүргізуші: Ибн Хазм захирит па? Шейх Сайд: Иә, ол захирит мәзһабының Дәуіт аз-Захиридан кейінгі захирит имамы.  Жүргізуші: Бұл танымал мәзһаб па? Шейх Сайд: Жоқ, бұл мәзхаб белгілі бір уақытта және белгілі бір аймақта болған, танымал емес мәзһаб. Жүргізуші: Ибн Хазм өз ұстанымын өзгертті ме? Шейх Сайд: Жоқ, ол имам ғой. Имамдар кей сұраққа тұшымды жауап бере алмағанымен өз пікірлеріне ғана сүйенеді. Ешкім біреудің пікірін өзгерте алмайды. Бірақ жаңағы пікір таласты көрген адамдар өздері үшін қорытынды шығарды. Әбу Уалид әл-Баджи үстем болғандықтан олар: «Захириттерді жеңген қандай мектеп?»,-деп сұрай бастады. Жүргізуші: Сонда бұл мәзхабтағылар өздерінің насихаттап жүрген нәрселерін дәлелдеп, логикалық түрде түсіндіре алмады ма? Яғни, бұл олардың мәзһабы болды, бірақ ешкім «жаңа мәзһабқа» көшпеді. Шейх Сайд: Дәл солай. Бұл имам әл- Әшғаридың өзі айтқан және үздіксіз иснадпен имам әл-Байхақи мен Ибн Асакирдің имам әл- Әшғариден жеткізгені. Менің осы иснадқа егжей-тегжейлі талдау жасайтын кішігірім еңбегім бар. Имам әл-Әшғари өлім аузында жатқанда шәкірттеріне бір нәрсеге куәлік береді. Қараңыздаршы, имам әл- Әшғари бұл сұраққа соншалықты мән берген. Тіпті өлім аузында жатса да осы жайлы айтты. Ол өз шәкіртіне: «Менің құбыла адамдарының ешқайсысының дінсіздігін кінәламайтыныма куәгер бол»,-деді. Имам әл- Әшғари олардың көп сұрақтарына келіспесе де осылай деді. Ұлы имамның не деген ұлы сөздері еді! Оның бар өмірі адасу мен адасушыларды теріске шығаруме�� өтті, бірақ оларға такфир жасамады. Имам әл- Әшғари мұны шәкірттерінің алдында айтты. Олардың арасында Сарахстан Бағдатқа имам әл- Әшғариден білім алуға келген Захир әс-Сарахси да болды. Ұстаз шәкіртінен осы ойын барлығына жеткізуін сұрады. Жүргізуші: Егер такфир болмаса, имам оған келіскендерге қандай шешім қабылдады? Шейх Сайд: Ол адасқан тұстары мен қателіктері туралы айтты. Мысалы, таухид ілімінде біз Алла бар дейміз.Бұл бекітудің сенімді не сенімсіз деген түріне жатады. Егер бір адам Алла бар десе, екіншісі жоқ десе, біз екі адамдікін де дұрыс дей алмаймыз. Сондықтан ғалымдардың айтуы бойынша, ақидада егер мағына жағынан айырмашылық болса екі жақтікі бірдей дұрыс болуы мүмкін емес. Біреуі дұрыс , екіншісі қате. Ақиданың фиқһтан айырмашылығы сонда. Адам намазда қолын кеудесіне, кіндігінің астына немесе жанына қойып оқи алады. Мұнда еш кикілжіңсіз әркім өз мазхабына сай дұрыс істеген боп саналады. Муғтазилиттердің айтуы бойынша Алла кейбір амалдарды атқаруға міндетті. Ал әшғарилердің көзқарасында Алланың істеген істерінің барлығы Оның мейірімділігінен, бірақ Алланың еш міндеті жоқ. Және әшғарилер Алла тіпті пайғамбарлар жіберуге де міндетті емес, бұл Оның жаратылыстарына деген мейірімінен дейді. Алла үшін міндетті болар ешбір әрекет жоқ. Муғтазилиттер Алла адамдарды жаратқанда оларға пайғамбарлар жіберу Алла үшін міндетті деп санайды. Имам әл-Әшғари олардың басқа да сұрақтарын теріске шығарды. Имам әл-Әшғари біреудің пікірінен қателік көргенде: «Сендер ақиданың жекеше сұрағынан қателестіңдер, бірақ сенім негіздері тұрғысынан дұрыс, сондықтан біз, құбыла адамдары, мұсылмандар, бір-біріміздің артымыздан намаз оқимыз, бірақ сендердің таухидтағы қателіктерің үшін сенім негіздеріне жаңалық енгізесіңдер»,-деген. Жүргізуші: Яғни ол такфир жайлы емес, адасқан тұстары мен қателіктерін айтты ма? Шейх Сайд: Әрине, қателескен жерлерін. Оларды кәпір деп кінәлаған жоқ, ал намазды тақуаға да, күнәһарға да ұйып оқуға болады. Жүргізуші: Адамдардың мұны ұмытып кететіні қандай өкінішті. Шейх Сайд: Біздің әл- Әшғари және басқа да ұлы имамдарымыз бұл сұраққа аса мән берген. Олар ақида мәселеінде пікір талас жүргізгендерге: «Сенің мал-мүлкіңе рұқсат берілген және тағы басқа»,- демеген. Егер мәселенің барлығы негізгі сұрақтарда айырмашылығы болғандарды теріске шығаруда болса, мысалы философтар, онда әшғарилер мен муғтазилиттер сын айту тұрғысында бірдей болып қалады. Мысал келтірейін. Имам әл-Ғазали философтарды теріске шығармастан бұрын олардың сенім негіздерін атап өтетін жеке кітап жазды. Ол кітап «Мақасид әл-Фәләсифә» деп аталады. Мұнысымен ол: «Мен сендердің мәзһабтарыңды зерттедім және оның негіздерін осы кітапта айтып бердім»,-деді. Кейін ол олардың теріске шығаран жерлерін қолға алып, Ибн Рушд қарсы пікір жазған атақты «Тахафут әл-Фәләсифә» кітабын жарыққа шығарды. Имам әл-Ғазали оларға айтады: «Мен сендермен әшғарит ретінде және тек әшғарилердің атынан емес, барлық әшғарилер, муғтазилиттер, каррамиттер, зейдиттер және тағы басқалардың атынан айтып отырмын»,-яғни, барлық Исламдағы мутакаллимдердің атынан сөйлеп тұрмын. Және барлық мутакаллимдер сендердің сенімдеріңді жоққа шығаруда ортақ. Сонымен қатар имам әл-Ғазали муғтазилиттерді де теріске шығарды және олардың арасында айырмашылықтар көп болды. Мутакаллимдер біздің дініміздің негіздеріне қарсы болғандарды теріске шығаруда ортақ көзқарасқа ие. Онымен қоса біз үммет бірігуі үшін арадағы айырмашылықты жою шарт емес екенін түсінуіміз керек. Егер айырмашылықтарды қарайтын болсақ, оларды жою мүмкін еместігіне көзіміз жетеді. Егер бір адам: «Мен айырмашылықтарды жою арқылы үмметті біріктірем»,- десе, ол мүмкін емес нәрсеге қол созғаны. Айырмашылықтар еш уақытта жойылмайды. Мұсылмандарға шындықты насихаттау мен адасушылықпен күресуге жағдай жасау керек. Мұсылмандар бір-біріне арадағы айырмашылықтарға қарамастан бір-біріне көмектесулері керек. Егер мен саған тек өз көзқарасыңды өзгерткенде ғана көмектесемін деп шарт қойсам, мен саған ешқашан көмектеспеймін. Біз бір-бірімізге шындық мәселесінде көмектесуіміз керек. Біз Алладан мұсылмандар дәл осылай жасаса екен деп дұға тілейміз. Жүргізуші: Сіз имам әл- Әшғари мен әшғарилердің пікірлерінде айырмашылық бар мұсылмандармен намаз оқи береді деп айтып өттіңіз. Шейх Сайд: Айқын мысал келтірейін. Имам әш- Шафиғи муғтазилит болған Хафс әл-Фардпен дауласқан. Бұл пікір таласты Шафиғидің шәкірті әл-Музуни жеткізеді. Имам әл- Әшғари имам әш-Шафиғиға ергенін айтып кеттік. Міне, имам әш-Шафиғи Хафсқа оның сөздерінде күпірлік барын айтқанмен, оны кәпір деген жоқ және де Хафсқа такфир жасамады. Кейін олар шығып әш-Шафиғиға ұйып намаз оқыды. Намаздан соң Хафс Музуниға қалжыңдап: «Сенің ұстазың мені өлтіре жаздады»,- деген. Олар бір-бірімен келіспесе де, біріне-бірі ұйып намаз оқыған.  Жүргізуші: Бұл өте көркем амал. Мұндай ұстаным біздің тәртібіміз бен өзара қарым-қатынасымызға үлгі болу керек. Әңгімеңізге үлкен рахмет. Шейх Сайд: Сіздерге де рахмет! P/S: Шейх Саид бин Әбдул Латиф Фуданың (хафизахулла) қысқаша өмір баянына сілтеме  Дереккөз: darulfikr.ru Аударған: darulahnaf.com
from Blogger http://ift.tt/2vwIhVo via IFTTT
0 notes