#МанхажIFTTT
Explore tagged Tumblr posts
darulahnaf · 6 years ago
Text
Ақиқи және жалған әшғәира/матуридия жайлы.
Tumblr media
"Фиқһтағы төрт мәзхбтың біріне еру міндеті, немесе нәпсі тазарту (тасаууф), немесе ақида мәселесінде әл-Азхар мәнхажымен жүруге таласып, ал кейін зайырлы заңды сипаттағанда оның Шариғатпен ешбір айырмашылығы жоқ екенін және оған қарсы шыққандарды - харижи деп мәлімдейтін адамдар. Бұндай адамдар - қоғамның қоқыстары және тағуттардың күшіктері. Адасқан уаххабилерге қарсы (радд) терістеуден басқа ешнәрсе білмейтін және сонымен бірге пенделердің заңдарына табынуға шақыратын әшғарилерге мән бермей-ақ қой. Өйткені шынайы әшғари (матуриди) бұл - өмірдегі ең маңызды мақсат Жаратушыға Шариғаттың үстемдігін (өмірдің барлық салаларында) орнату арқылы құлшылық ету екенін басқаларға үйрететін адам. Өйткені шынайы "мутамәзхиб" (фиқһтағы төрт мәзхабытың біріне еруші) бұл фиқһтың екі бабын іске асыру мүмкіндігіне қуанып, ал кейін жайлы жайғасып алып осы екі баб жөнінде "лә мәзхабия"мен (мәзхабқа еруді тастағандар) керісетін адам емес. Жоқ, ақиқи "мутамәзхиб" бұл ислам фиқһының барлық бабтарын іске асыру міндет екенін адамдарға үйретуші, тек дәрет бабтарын ғана емес. Ол ислам басшысында, егерде ондай бар болса, бұтына сиетін кішкентай балалар сияқты мұсылмандардың дінімен ойнауды емес, адамдар арасында Шариғат орнату міндеті жатқанын ��йретеді. Ақиқи сопы бұл - Алла Тағаладан басқа ешнәрсені көрмейтін адам, мәселе уаххабилер мен ихуандарды сынағанға келгенде батылданып, бірақ сонымен бірге Алланың Шариғаттын ашық және ұялмастан халықтың алдында бұрмалап жатқан тағуттарды мақтайтын адам емес ғой.  Алла Тағала айтты: "Үкім Аллаға ғана тән. Ол, Алла, өзіне ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне осы, тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді" (Юсуф сүресі, 40 аят) Автор: Шейх Мухаммад әл-Хандауи әл-Азхари (хафизахулла)
الذين يدعون أنهم على المنهج الأزهري تمذهبًا وتزكية واعتقادًا ثم يصفون القانون الوضعي بأنه عين الشريعة وأن من يعترضون عليه هم الخوارج = هم أوساخ الناس ونعال الطواغيت ! ودع عنك أشعرية تشتغل بالرد على الوهابية في ضلالهم ؛ ثم هم يعبدون الناس لغير شرع ربهم. الأشعري حقًّا من يعلم الناس أن الغاية تعبيد الناس لربهم بإقامة شرعه - تقدس- فيهم! المتمذهب صدقًا الذي لا يفرح بتحصيل فرعين ثم يتكىء على أريكة أمه يناكف بفرعيه هذين غير المتمذهبة، بل يعلم الناس أن كل ما في كتب الفقه واجب التطبيق ، لا أبواب الطهارة فحسب، وأن من واجب الحاكم المسلم- إن كان- أن يقيم الشرع في الناس لا أن يعبث بوال على عقبيه بدينهم ! المتصوف حقا الذي لا يرى إلا الله فلا يستأسد على الإخوان والسلفية ثم هو يكيل المدح لطاغوت يغير شرع الله عيانًا بيانًا! إن الحكم إلا لله أمر ألا تعبدوا إلا إياه ذلك الدين القيم ولكن أكثر الناس لا يعلمون"
 محمد هنداوي الأزهري
from Blogger https://ift.tt/2IOg59K via IFTTT
0 notes
darulahnaf · 7 years ago
Text
Алты негіз. Кімді әшғари деп санауға болады
Кіріспе
Әшғари мәзхабын жаулар тарапынан сынаудың бір әдісі – бұл Исламның кейбір ұлы ғалымдары, Шейхул Ислам əн-Науауи немес әмирул муминин фил хадис Ибн Хажар әл-Асқаляни сияқты ғалымдардың «бірінші уәжіп» немесе әрбір мукалляфқа кәләм дәлелдерін білу міндеті мәселесі жөнінде пікірлерін келтіріп сол арқылы олардың әшғари мәзхабын ұстануына күмән тудыру болып табылады.
Мұндай «сынның» әдісі қарапайым: белгілі ғалымдардың дара мәселелердегі пікірлерін келтіріп, сосын барып былай дейді: «Міне, мына ұлы ғалым осы мәселеде әшғарилердің пікіріне қайшы келіп тұр, сол себептен оны әшғари деп атамау керек, өйткені ол әшғарилермен сұрақтардың жартысында ғана келісіп отыр». Адасқандарға қарсы ең күшті дәлелдердің бірі бұл Исламның ұлы ғұламалары әшғари-матуридилер деген факт болған және солай қала береді, сондықтан осы фактіні теріске шығару үшін олар бар күштерін салады.
Бұндай «дәлелдердің» жалғандығын түсіну үшін мына нәрсені ұғынып алу керек: кез-келген мәзхабтың негіздері бар, солардың біреуін болсын терістеу адамды сол мәзхабқа ерушілердің қатарынан шығарады, сонымен қатар мәзхаб ішінде талас болған екінші дәрежедегі мәселелер бар және осы мәселелер бойынша көпшіліктің пікірінен бөлек пікір айту адамды мәзхаб шеңберінен шығармайды. Біз бұл мақалада әшғариді әшғари ететін негіздерді және әрбірінен кейін сол негізде әшғарилерге қайшы келетіндерді атап өтуге тырысамыз. Осы негіздердің біреуін болсын мойындамау адамды әшғари мәзхабынан шығарып жібереді.
 Алты негіз және олардың түсіндірмесі
1) Алла Тағала уақыт пен кеңістіктен тыс, мекен алмайды және Ол бір бағытта емес, ешқандай шектеулермен немесе бағыттармен шектеулі емес.
Бұл негіз мушаббиха мен мужассималардың барлық түрлерін жоққа шығарады. Және олар жаратылысқа ұқсаған, жаратылыстарға белгісіз немесе «Алланың ұлылығына жараса» мекен мен шектеуді бекітеді ме, бұл маңызды емес.
Сондай ақ бұл негіз «уахдатул `ужуд» мәзхабын жоққа шығарады, оның жақтастары Алла Тағала затымен барлық жерде болуына сенімде, бұл «Алла болмысымен барлық жерде» деген тұжырымында айтылған.
 فائدة (пайдалы ескертпе)
Егер біз «Алла барлық жерде» дегенді «болмыс» сөзін қоспай кездестірсек, онда мұндай сөздерді «барлық жерді білуші» немесе «барлық жерді басқарушы» деп түсінуге болады. Дегенмен мұндай сөздерден аулақ болу керек, өйткені Әһлис-Сунна: «Алла мекен мен бағыттан тыс» дейді, ал «барлық жерде» - бұл мекен және бағыт болып табылады.
Сондай-ақ «уахдатул-ужуд» ақидасы мен «һулул» ақидасын айырып алу керек. «Уахдат» ақидасы бұл шын мәнінде тек қана Алла бар, ал қалған барлық ��олмыстардың объективті табиғаты жоқ және бұл (иллюзия) көлеңке мен кескін сурет тәріздес дейді, ал «һулул» ақидасы бұл — «Илəһ пен жаратылыстың» қосылуы жайында айтады. Осы екі адасушылық негізінде күпірлік болып табылады.
2) Алла кемелдігі мен санында шегі жоқ болған, ұлы кемел сипаттармен сипатталған. Бұл сипаттар болмыстың өзі болып табылмайды, алайда болмыстан тыс та емес, ал олардың Аллада қалай болатынын біз білмейміз, өйткені Алланың болмысы және сипаттарының мәні танылмайды. Сондай-ақ, аспан мен жер Жаратушысының сипаттары өзгермейді.
Бұл негізбен муғтазила мәзхабы және ужудилер мәзхабы жоққа шығарылады. Олардың сенімі бойынша, сипат және болмыс өздігінен екеуі бір нәрсе. Яғни, оларда Ілім сипаты бұл Алла білуші дегенді білдіреді және бұл мәселеде «ілім» сипатының бекітуі жоқ, әйтпесе (олардың айтуынша) бұл бірнеше әуелден барды бекіту болады, яғни әуелден бар болған Алла, әуелден бар ілім, әуелден бар күш ж.с.с
Егер білу – бұл Білуші, ал күш - бұл Құдіретті деп қабылдасақ, онда Білу мен Күш екеуі бір нәрсе болып шығады, ал бұдан сипаттарды жоққа шығару (тағтыль) пайда болады.
 فائدة
Сипаттарды жоққа шығару мәзхабы әһли сунна бойынша, Алла Тағаланың әуелден бар Күш, Білім, Қалау, Кәләм ж.т.б сипаттарының болу фактісін мұғтазилалар сияқты терістейді, ал «йəд» мағынасы бізге белгісіз деген тұжырымда сипаттарды жоққа шығару жоқ, өйткені мағынаны білмеу сипаттың жоқ екенін білдірмейді.
Ал мужассимдерде сипаттарды жоққа шығару – бұл олардың дене емес табиғатын бекіту, себебі, жисм - тек дене және кеңістікпен бағытта ғана бар бола алады. Әһли Сунна - Алла дене емес, мекенсіз, бағыттары жоқ дегенде, мужассимге бұл объетивті нақтылықта бола алмайтын дерексіз түсінікті бекіту болып табылады, өйткені (оларда) барлық дене болмаған және материя емес нәрсе бар бола алмайды, себебі «танзих» ақидасы олар үшін жоққа шығару, және (олардың пайымдауы бойынша) әшғари матуридилердің табынатын Құдайы , — бұл «Болмыссыздық» (әл-`Адам).
Және де сипаттардың өзгермеу негізі Ибн Таймияның мәзхабын терістейді, ол Алланың сипаттары өзгереді деп санаған. Бұған мысал оның Алла қалауы бұл әуелден бар және өзгермейтін сипат емес, бұл үздіксіз «қалаулар» тізбегі және әрқайсысының бастауы мен аяғы жоқ деген сенімі. Ал Әһли Сунна ақидасы бойынша, Алланың болмысы да, Оның сипаттары да өзгермейді. Өйткені Ол - абсолютті кемел, өзгеріссіз.
Әшғарилерге белсенді тағылатын жаланың бір мысалы, бұл әшғарилер Аллаға тек 7, 8, 11, 13 немесе 20 сипатты ғана бекітеді, ал қалғанын жоққа шығарады деген сөз. Және бұған дәлел ретінде олар сипаттар атап өтілген әшғари мәтіндерді келтіреді, бірақ сонымен ешкім әшғарилердің анық «Алла тек осы сипаттармен ғана сипатталған, осыдан басқасымен сипатталмаған» деген сөздерін келтіре алмады. Кейбір сипаттардың санын белгіле��дің мағынасы, бұл, егер мукәлләф осы сипаттардың біреуін білмесе немесе міндеттілігінде күмәнданса, ол өз Раббысын танымайды деген сөз. Алла Тағланың кемелдігі шексіз, ал сипаттар – бұл Құдайдың кемелдігінің сипаттауы, сондықтан олар шексіз, бірақ мукалляф шексізді және Құран мен Сүннетте келген барлық сипаттарды тануға міндетті бола алмайды, сондықтан ақида ғалымдары қалған сипаттардың негізгі мағыналарын қамтитын бірқатар сипаттарды белгіледі.
3) Үкім Аллаға ғана тән. Бүкіл əмірлер жəне тиымдар жер мен көктің Раббысынан ғана беріле алады, ал пенделердің бір-біріне əлденені тиым салуға немесе міндетті етуге құқығы жоқ.
Бұл негіз секуляризмнің діннің құлшылыққа жататын бөлігі жəне биліктің "діннен өзге", пенделік ақыл-оймен шектелген, үкімі саяси-қоғамдық жағдайларға байланысты шығарылатын сияқты барлық түрлерін жоққа шығарады.
 فائدة
Егер адам өзін демократтарға, либералдарға, социалистерге немесе басқа идеологиялар қатарына жатқызса, онда мұндай адамның такфирімен асықпау керек, өйткені бұл жиі болатындай, адам сол түсініктердің не мағына беретінін білмеуі мүмкін, немесе соған өз түсінігін салуы мүмкін. Мысалы, мұсылмандар қатарынан болған кейбір әууәмдар «коммунизм» түсінігіне «топтар күресі», «пролетариат диктатурасы» және «ғылыми материализм» идеалогисын емес, оған әлеуметтік теңдік мағынасын береді. Сондай-ақ өздерін «демократ» санайтын адамдар, қоғам мен халық заңдарды бекітіп және ойлап табуға құқығы бар, сол заңдарға негізделе олар өмір сүріп дамиды деген түсінікте емес, көбінде, олардың түсінігінде бұл жалпылама адам құқығы немесе адам бостандығы.
4) Алла Тағала Кәләм сипатымен сипатталған және Оның Кәләмі дыбыс та әріп те емес, басы және соңы жоқ, бірақ бұл басы не соңы жоқ болған әрекет емес.
Бұл негіз муғтазила мәзхабын жоққа шығарады, олар кәләм бұл – Алланың болмысынан тыс болған жаратылған әріппен және дыбыстан тұратын әрекет деп санаған. Олар адамның сөзі бұл дыбыс пен әріптен тұрады, және бұл әрекетті білдіреді, сондықтан Алла Тағала болмысы Кәләммен сипаттала алмайды деген. Бірақ «сөйлеу» сипатының әуелгі түсінуінде олар қателескен, өйткені адамға тән сөйлеудің мағынасын олар Аллаға қатыстырды да, кейін оны жоққа шығарды.
 فائدة
Муғтазила мен мужассима мәзхабында ұқсас негіз бар: иләһи сипаттарды жоққа шығаруда немесе бекітуде олар жаратылыстардың мағыналарына сүйенеді. Муғтазилилер де, мужассимдер де кәләм тек дыбыспен және әріппен ғана болатынында бір және егер бірнәрсені көруге болса, онда ол міндетті түрде дене болу керек екенінде олар ортақ. Бірақ, олар бұдан шыққан тұжырымдарда бөлінді: муғтазилилер Алланың болмысын сипаттайтын кәләмді жоққа шығарады, және (Алланы) көруді жоққа шығарады, өйткені бұдан жаратылысқа (ташбих) ұқсау туындайды деп біледі, ал мужассима осы барлық жаратылыстарға тән мағыналарды бекітеді, бірақ олардың кейбіреулері «Алланың ұлылығына жараса» деп қосып айтады.
5) Алла барлық жаратылыстарды және олардың амалдарын жаратты, ал адамда тек амалдарды иелену (кәсб) ғана бар.
Тағдыр бұл адамдардан жасырын болған сыр, бірақ біз бекітуге міндетті болған бірқатар негіздер бар: тек Алла ғана жаратушы болып табылады және бұл сипатты ешбір саласында Алламен қатар жаратылыстардан ешкім ортақтаспайды. «Жаратылыс» түсінігі бұл алдын болмаған кейін жаратылғанды білдіреді, және бұл құдірет тек Аллаға ғана тән, ал адамда Алла Тағала жаратқан (ихтияр) таңдау және амалдарды (кәсб) иелену мүмкіндігі бар.
Бұл негіз амалдардың жаратылуын адамның өзіне жатқызатын қадарилер мәзхабы және таңдау еркі мен адамның шешімдер үшін жауапкершілігін толықтай жоққа шығаратын жәббарилер мәзхабының арасындағы орта жол болып табылады.
6) Алла және Оның сипаттарынан басқаның барлығы алдын болмай тұрып кейін пайда болған, демек жаратылған болып табылады. 
 Бұл Әһли Суннаның таймиттермен (ибн Таймия ізбасарлары) келіспейтін маңызды бір негізі. Әһли сунна сенімінде кез-келген өзгеру және кейін пайда болу жаратылыстың сипатынан болып табылады және араларында айырмашылық жоқ. Бұл ереженің нәтижесінен, Алла Тағаланың болмысы және Оның сипаттары жаратылыстарға тән қасиеттермен және белгілермен сипатталмайды, өйткені сипаттармен белгілердің ұқсастығы болмыстың ұқсастығын білдіреді. Мысалы, егер Алла және Оның жаратылыстары арасында жаңа бір қасиет пайда болуда, орын ауыстыруда, кеңістікте мекен алуда ж.т.б. өзгеру түрлерінде ұқсастық болса, онда бұл болмыстың ұқсастығын білдіреді, Алла жаратылыстар тәрізді болады, ал бұның мүмкін еместігі айқын. 
Ибн Таймия өзгеруді Алланың болмысындағы және болмысынан тыс деп бөлді. Өзгерудің бірінші түрін ол жаратылмаған, ал екіншісін жаратылған деп санаған. Алайда бұндай бөлудің тілде де, шариғатта да негізі жоқ. 
Сондықтан таймиитер Аллаға қатысты шектеуді, бағытты, қимылды және басқада өзгеру қасиеттерін бекітуде еш әбестік көрмейді, өйткені бұл «Алланың ұлылығына жараса өзгеруі» деп біледі. 
Ал Әһли Сунна Алла Тағаланың болмысы және Оның сипаттары бұл абсолютті кемелділік деп санайды. Тіпті ақыл тұрғысынан да бұл өзгере алмайды, өйткені кемел болғанды кемелдендіру мүмкін емес. 
Әшғари ақидасының негізгі сенімдері осы алты негізден тұрады, егер қандай да бір ғалым осы алты негіздің біреуін немесе тұтастай мойындамаса, онда ол әшғари болып саналмайды. Ал егер барлығын мойындаса, онда саналады, тіпті мукаллид үкімі, «бірінші уәжіп», кәләм ілімін үйрену міндеті сияқты басқа мәселелерде көпшілік әшғарилерден бөлек пікірді ұстанса да. 
Автор: Әбу Әли әл-Әшғари әл-Ханафи
Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com
Сөз соңында: Әшғари мен Матуриди Әһли Сунна уәл Жамағаттың кәләм мәзхабының екі мектебі, екі мектеп те негіздерде бір біріне қайшы келмейді, тек екінші дәрежелі мәселелердегі сәл айырмашылық бар, олардың көбі терминдердің қолдануымен байлынысты. Имам Әшғари өмір сүрген уақытта халифаттың басқа бөлігінде тағы бір ��лы имам болған. Осы екі имамның замандас болуы таңқаларлық. Имам Әбу Мансұр әл-Матуриди хиджра жыл санағы бойынша 333 жылда дүниеден өтті. Осы екі имам бір-бірімен ешқашан кездеспеген және де бірін-бірі жайлы білмеген, бұған қарамастан олардың ақидалары бірдей болған. Кейін олардың шәкірттері және шәкірттерінің шәкірттері кездесіп ақидаға байланысты мәселерін салыстырған кезде бұл бір мәзхаб деген қорытындыға келіпті. Әбу Мансұр Матуридині Имам Ағзам Әбу Ханифаның жолында дейді, себебі ол өзінің мәзхабының негізіне өзіне дейін жеткен Имам Әбу Ханифаның кітаптарын алған. Дәл солай Имам Әшғари өзінің мәзхабының негізіне Имам Шафиидің кітаптарын салды. Сонымен, Имам Матуриди - ханафи, ал Имам Әшғари - шафиғи мәзхабында болған. Ең басынан әшғари мен матуридилер - ол бір топ, бір мәзхаб. Бұның барлығы Әһли-с-Сунна Уал-Жама'аның ұлы ғұламалары.  Шейх Саид Фуда.
from Blogger http://ift.tt/2yzFP5c via IFTTT
0 notes
darulahnaf · 7 years ago
Text
Тозақтан құтылу
Имам ас-Сануси, Алла оны рақым етсін, «Умм әл-Барахин» шархының алғысөзінде былай деп жазған: 
«Ақыл иесіне мынадай қиын (харам мен күпірлікке толы) заманда айналысатын ең маңызды ісі – бұл өзін мәңгі тозақта болудан құтқару, ал бұл Әһли-с-Суннаның білімді әрі таңдаулы имамдары мен білгір ғалымдары баяндаған түрде Таухид ақидасы жайлы терең ілімді игермей мүмкін емес. Және надандық теңізі жайылып, жалған пікірлер тараған қиын заманда, осы білімді терең түсініп білетін адамдар неткен аз. Және бұл теңіз әрдайым ақиқатты теріске шығару және оның иелеріне жек көрушілік толқындарымен толқып, жалғанды алдамшы оюлармен безендіреді...».
Шейх Саид Фуда, Алла оны сақтасын, өз дәрістерінде имам ас-Сануси заманы (хижри 9 ғасыр) — бұл алдын болып көрмеген түрлі ағымдар мен адасушылықтың таралған уақыты деп айтады. Сондай-ақ, имам Әһли-с-Сунна мәзхабын қорғап оларға ашық түрде қарсы шыққаннан жасқанбады. Ал одан кейін өмір сүрген имамдар оның ұлылығын мойындап және оған деген соншама құрметімен бірге имамның кейбір әлсіз пікірлерін көрсетуден қорықпады. Сондай-ақ, адасушылықты терістеу батылдылығы, бұл тіпті сен жалғыз болып бәріне қарсы шықсаңда, сонымен қатар, беделділердің қателіктерін көрсету батылдылығы — бұл Әһли-с-Сунна уәл-Жамағаның адасқандарда жоқ болған ерекше манхажы. 
Ахмад Әбу Яхья әл-Ханафи 
Дереккөз: annisa-today.ru 
Аударған: darulahnaf.com 
from Blogger http://ift.tt/2wLoMck via IFTTT
0 notes
darulahnaf · 7 years ago
Text
Шейх Сайд Фудамен сұхбат
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгін бізбен бірге Ислам ақидасы мен усул фиқһ ғылымдарының докторы Сайд Фуда. Шейх Сайд , қош келдіңіз.  Шейх Сайд: Рахмет. Жүргізуші: Біздің бүгінгі сұхбатымыз имам әл-Әшғари мен оның көзқарастарына байланысты болады. Бәлкім, сіз алдымен баршамызға пайдалы мағлұмат алу үшін имам жайлы бір-екі ауыз сөз айтарсыз? Шейх Сайд: Қысқаша айтатын болсақ, имам әл-Әшғари тарихшылардың айтуы бойынша хижраның 260 жылы мұсылмандардың алғашқы үш ғасырында дүниеге келген. Сенімді пікірлерге сүйенсек, ол хижра жыл санауы бойынша 324 жылы дүниеден өткен. Өмірінің алғашқы сәттерінде муғтазилит болған және 40 жыл осы көзқарасты ұстанды. Кейін өз ұстанымын қайта қарастырып, муғтазилит және басқа ағымдардың имамдарымен пікір таластырып, соңында Әһлу Сүннет мәзһабын, яғни сахабалар мен табиғиндар мәзһабын сақтауға бел буды. Осылайша рационалды ғылымдар, логика, пікірсайыс саласындағы біліміне сүйене отырып, сүннилер мәзһабының негізін қорғай бастады. Оның кезінде салыстырмалы түрде барша сүннилер өз пікірлерін оған жатқыза бастады, себебі олар оның жүректерінде болған, бірақ логикалық түрде дәлелдеп, пікір таласта қорғай алмаған шындықтарды дәлелдеп, айтқанын қорғап қалатындығын көрген. Имам әл- Әшғаридың білімі шыңдалған кезде Әһлу Сүннет өздерін осы имамға жатқыза бастады. Сүннет ұстанушылардың басқа бір тобы өз пікірлерін сол заманда, бірақ халифаттың басқа бөлігінде өмір сүрген басқа имамға жатқыза бастады. Ол имам Әбу Мансұр әл-Матуруди. Осы екі имамнан бері, қазіргі күнге дейін Әһлу Сүннет өзін осы екі имамға жатқызады.�� Жүргізуші: Имам әл-Әшғари мен имам әл-Матрудидің пікірлерінде айырмашылықтар бар ма?  Шейх Сайд: Кейбір сұрақта болмашы өзгешеліктер бар. Бұл айырмашылықтар жайлы ибн Камал-паша секілді ғалымдар арнайы жазған. Менде әшғарилер мен матурудилер екіге бөлінгендігі туралы сұрақтарға түсініктеме беретін кітап бар. Олардың саны он бірге саяды. Дегенмен ғалымдар: әшғарилер де, матурудилер де – сенім негізінде айырмашылықтың жоқтығына ортақ пікірде. Ақида: негіздер және жекелік боп бөлінеді. Әшғарилер мен матурудилердің айырмашылығы – ақиданың сол немесе басқа қалпының тұжырымдарындағы айырмашылықта. Мұны қалай түсінуге болады? Бір мағына әр түрлі сөзбен түсіндіріледі. Бірақ сенім тұрғысында әшғарилер мен матурудилердің бөлінуіне себеп болар еш сұрақ жоқ. Айырмашылық, жоғарыда айтылғандай, ғалымдардың атауы бойынша «ақидаға қатысты жекелік сұрақтарға» байланысты. Сонымен қоса әшғарилік ғалымдар әшғари мен матурудидің айырмашылығына байланысты сұрақтарда имам Әбу Мансұр әл-Әшғаридің пікірін таңдаған, және матуруди ғалымдары да имам әл-Әшғаридің пікірін таңдаған. Сол себепті Әһлу Сүннет ғалымдары әшғарилер мен матурудилерді бір үлкен мектеп деп есептейді. Имам әл-Әшғари танымалырақ болғандықтан Әһлу Сүннетті имам әл-Әшғариге жатқызады. Жүргізуші: Сіздің сөзіңізден шығатыны, егер әшғарилер мысалға муғтазилиттермен бір сұраққа байланысты бөлінсе, матурудилер әшғарилермен келіскен бе? Шейх Сайд: Иә, әрине. Тек екі имам халифаттың екі бөлігінде болған. Имам әл-Әшғари Бағдатта тұрды. Ол тек қысқа мерзімді жиһангерлікке шықты және Бағдатта қайтыс болды. Ал имам Әбу-Мансұр әл-Матуруди КСРО құрамына кіретін орталық Азияда «Мәуренахр» аймағында тұрды. Имам әл-Әшғари муғтазилиттермен және басқалармен пікірталасқа түскен. Иудейлермен, христиандармен, индустармен, философтармен пікірталас өткізді. Және бұл имам оларға қарсы бірнеше кітап жазды. Жүргізуші: Ол кітаптар біздің кезімізге дейін жетті ме? Шейх Сайд: Алланың рақымымен қазір 6 кітап бар. Олардың кейбіреуі шәкірттерінен жеткен. Сонымен қоса шәкірттерінің шәкірттері де оның кітаптарына қысқаша баяндама жасаған. Имам Ибн Фурақ өзінің «Мақаләт әл-Әшғари» кітабында ұлы имамның пікірлерін келтірген. Және де бұл кітап имам әл-Әшғаридің пікірлерімен танысуға болатын бірден-бір кітап боп табылады. Бірақ имам әл-Әшғаридің көп кітаптары біздің заманымызға дейін жетпеген. Олар хижраның алтыншы, жетінші, сегізінші ғасырларында Бағдатта, Шамда және Мысырда болған. Сол заманның әшғари ғалымдары өз еңбектерінде имам әл-Әшғаридің қолда бар кітаптарынан дәйексөз келтіріп отырған. Бізге аз көлемді, үлкен көлемді 6-7 кітабы жетті. Әбу Мансұр әл-Матурудиге қайта оралайық. Имам әл-Әшғари заманында халифаттың екінші бір бөлігінде басқа ұлы имам өмір сүрді. Бұл екі имамның замандас болуы таң қаларлық жағдай. Әбу Мансұр әл-Матуруди хижра жыл санауы бойынша 333 жылы қайтыс болған. Екі имам бір-бірін танымағанмен, тіпті білмегенмен олардың пікірлері бірдей болды. Бұл екі имамның шәкірттерінің шәкірттері кездесіп, олардың ұстаныстарын салыстыра келе бұл екеуі бір мәзһаб деген қорытынды жасады. Әбу Мансұр әл-Матурудиді имам Әбу Ханифаға жатқызады. Себебі ол өз еңбектерін Әбу Ханифадан жеткен кітаптарға сүйене отырып жазған. Дәл солай имам Әл-Әшғари өз мәзһабын әш-Шафиғидың усул мен өзге де еңбектеріне негіздеп құрған. Сонымен, әл-Матуриди – ханафи, ал имам әл-Әшғари шафиғи мәзхабынан болған. Түп негізіне қарасақғ әшғарилер де, матурудилер де – бір топ, бір мәзһаб. Оның барлығы – Әһлу Сүннеттің ұлы ғалымдары.  Жүргізуші: Имам әл-Әшғари көпке танымал екенін білеміз. Ол мұсылмандарды біріктіруде қандай үлес қосты? Шейх Сайд: Имам әл-Әшғари муғтазилік ұстанымынан бас тартты. Бұл бір күнде емес, муғтазилиттердің имамымен ұзақ уақыт пікірталас нәтижесінде болды. Айта кететін жайт, 3-ғасырда, яғни имам әл-Әшғари заманында муғтазилиттер мәзһабы кеңінен танымал болған. Тіпті шариғат соты болу үшін муғтазилит болу керек болатын! Имам әл-Әшғари ортаға шыққан кезде муғтазилиттер оған ештеңе дей алмай қалды және сүннетті ұстанушы мұсылмандар имам әл-Әшғариға бет бұрды. Имам әл-Әшғари кейіннен ұлы имамдар болған әл-Бундар, Әбу әл-Хасан әл-Бахили, Ибн Муджахид сияқты шәкірттер оқыта бастады. Бұл есімдер әлемге әйгілі болмаса да, олар сол заманның ұлы имамдары еді. Ал олардың шәкірттерін қазыр барша Ислам қауымы біледі: әл-Бақилани, Ибн Фурақ, Әбу Ысқақ әл-Исфараиини. Осы имамдардың атағы көпке жеткені сонша, тіпті жердің әр бұрышынан мұсылмандар білім алуға келген. Мысалы, Мағрибтан немесе Андалусиядан. Мұсылмандар имам әл-Әшғаридың шәкірттерінен білім алуға Бағдат пен Шамға келген. Ұлы ғалым-мәлики Әбу Уалид әл-Баджи Мағрибтан Бағдат пен Шамға осы ғалымдардан білім алуға келді. Әл-Баджи – малики фақихы, усул мен логика білгірі. Өзімен замандас Ибн Хазммен пікір талас жүргізген. Ол пікір талас қазірге дейін бір томдық кітап түрінде жеткен. Бұл пікір таластың соңы захирит мәзһабының ол аймақта таралуының алдын алды. Мұның бәрі әшғари әл-Баджидің еңбегінің арқасы. Жүргізуші: Ибн Хазм захирит па? Шейх Сайд: Иә, ол захирит мәзһабының Дәуіт аз-Захиридан кейінгі захирит имамы.  Жүргізуші: Бұл танымал мәзһаб па? Шейх Сайд: Жоқ, бұл мәзхаб белгілі бір уақытта және белгілі бір аймақта болған, танымал емес мәзһаб. Жүргізуші: Ибн Хазм өз ұстанымын өзгертті ме? Шейх Сайд: Жоқ, ол имам ғой. Имамдар кей сұраққа тұшымды жауап бере алмағанымен өз пікірлеріне ғана сүйенеді. Ешкім біреудің пікірін өзгерте алмайды. Бірақ жаңағы пікір таласты көрген адамдар өздері үшін қорытынды шығарды. Әбу Уалид әл-Баджи үстем болғандықтан олар: «Захириттерді жеңген қандай мектеп?»,-деп сұрай бастады. Жүргізуші: Сонда бұл мәзхабтағылар өздерінің насихаттап жүрген нәрселерін дәлелдеп, логикалық түрде түсіндіре алмады ма? Яғни, бұл олардың мәзһабы болды, бірақ ешкім «жаңа мәзһабқа» көшпеді. Шейх Сайд: Дәл солай. Бұл имам әл- Әшғаридың өзі айтқан және үздіксіз иснадпен имам әл-Байхақи мен Ибн Асакирдің имам әл- Әшғариден жеткізгені. Менің осы иснадқа егжей-тегжейлі талдау жасайтын кішігірім еңбегім бар. Имам әл-Әшғари өлім аузында жатқанда шәкірттеріне бір нәрсеге куәлік береді. Қараңыздаршы, имам әл- Әшғари бұл сұраққа соншалықты мән берген. Тіпті өлім аузында жатса да осы жайлы айтты. Ол өз шәкіртіне: «Менің құбыла адамдарының ешқайсысының дінсіздігін кінәламайтыныма куәгер бол»,-деді. Имам әл- Әшғари олардың көп сұрақтарына келіспесе де осылай деді. Ұлы имамның не деген ұлы сөздері еді! Оның бар өмірі адасу мен адасушыларды теріске шығарумен өтті, бірақ оларға такфир жасамады. Имам әл- Әшғари мұны шәкірттерінің алдында айтты. Олардың арасында Сарахстан Бағдатқа имам әл- Әшғариден білім алуға келген Захир әс-Сарахси да болды. Ұстаз шәкіртінен осы ойын барлығына жеткізуін сұрады. Жүргізуші: Егер такфир болмаса, имам оған келіскендерге қандай шешім қабылдады? Шейх Сайд: Ол адасқан тұстары мен қателіктері туралы айтты. Мысалы, таухид ілімінде біз Алла бар дейміз.Бұл бекітудің сенімді не сенімсіз деген түріне жатады. Егер бір адам Алла бар десе, екіншісі жоқ десе, біз екі адамдікін де дұрыс дей алмаймыз. Сондықтан ғалымдардың айтуы бойынша, ақидада егер мағына жағынан айырмашылық болса екі жақтікі бірдей дұрыс болуы мүмкін емес. Біреуі дұрыс , екіншісі қате. Ақиданың фиқһтан айырмашылығы сонда. Адам намазда қолын кеудесіне, кіндігінің астына немесе жанына қойып оқи алады. Мұнда еш кикілжіңсіз әркім өз мазхабына сай дұрыс істеген боп саналады. Муғтазилиттердің айтуы бойынша Алла кейбір амалдарды атқаруға міндетті. Ал әшғарилердің көзқарасында Алланың істеген істерінің барлығы Оның мейірімділігінен, бірақ Алланың еш міндеті жоқ. Және әшғарилер Алла тіпті пайғамбарлар жіберуге де міндетті емес, бұл Оның жаратылыстарына деген мейірімінен дейді. Алла үшін міндетті болар ешбір әрекет жоқ. Муғтазилиттер Алла адамдарды жаратқанда оларға пайғамбарлар жіберу Алла үшін міндетті деп санайды. Имам әл-Әшғари олардың басқа да сұрақтарын теріске шығарды. Имам әл-Әшғари біреудің пікірінен қателік көргенде: «Сендер ақиданың жекеше сұрағынан қателестіңдер, бірақ сенім негіздері тұрғысынан дұрыс, сондықтан біз, құбыла адамдары, мұсылмандар, бір-біріміздің артымыздан намаз оқимыз, бірақ сендердің таухидтағы қателіктерің үшін сенім негіздеріне жаңалық енгізесіңдер»,-деген. Жүргізуші: Яғни ол такфир жайлы емес, адасқан тұстары мен қателіктерін айтты ма? Шейх Сайд: Әрине, қателескен жерлерін. Оларды кәпір деп кінәлаған жоқ, ал намазды тақуаға да, күнәһарға да ұйып оқуға болады. Жүргізуші: Адамдардың мұны ұмытып кететіні қандай өкінішті. Шейх Сайд: Біздің әл- Әшғари және басқа да ұлы имамдарымыз бұл сұраққа аса мән берген. Олар ақида мәселеінде пікір талас жүргізгендерге: «Сенің мал-мүлкіңе рұқсат берілген және тағы басқа»,- демеген. Егер мәселенің барлығы негізгі сұрақтарда айырмашылығы болғандарды теріске шығаруда болса, мысалы философтар, онда әшғарилер мен муғтазилиттер сын айту тұрғысында бірдей болып ��алады. Мысал келтірейін. Имам әл-Ғазали философтарды теріске шығармастан бұрын олардың сенім негіздерін атап өтетін жеке кітап жазды. Ол кітап «Мақасид әл-Фәләсифә» деп аталады. Мұнысымен ол: «Мен сендердің мәзһабтарыңды зерттедім және оның негіздерін осы кітапта айтып бердім»,-деді. Кейін ол олардың теріске шығаран жерлерін қолға алып, Ибн Рушд қарсы пікір жазған атақты «Тахафут әл-Фәләсифә» кітабын жарыққа шығарды. Имам әл-Ғазали оларға айтады: «Мен сендермен әшғарит ретінде және тек әшғарилердің атынан емес, барлық әшғарилер, муғтазилиттер, каррамиттер, зейдиттер және тағы басқалардың атынан айтып отырмын»,-яғни, барлық Исламдағы мутакаллимдердің атынан сөйлеп тұрмын. Және барлық мутакаллимдер сендердің сенімдеріңді жоққа шығаруда ортақ. Сонымен қатар имам әл-Ғазали муғтазилиттерді де теріске шығарды және олардың арасында айырмашылықтар көп болды. Мутакаллимдер біздің дініміздің негіздеріне қарсы болғандарды теріске шығаруда ортақ көзқарасқа ие. Онымен қоса біз үммет бірігуі үшін арадағы айырмашылықты жою шарт емес екенін түсінуіміз керек. Егер айырмашылықтарды қарайтын болсақ, оларды жою мүмкін еместігіне көзіміз жетеді. Егер бір адам: «Мен айырмашылықтарды жою арқылы үмметті біріктірем»,- десе, ол мүмкін емес нәрсеге қол созғаны. Айырмашылықтар еш уақытта жойылмайды. Мұсылмандарға шындықты насихаттау мен адасушылықпен күресуге жағдай жасау керек. Мұсылмандар бір-біріне арадағы айырмашылықтарға қарамастан бір-біріне көмектесулері керек. Егер мен саған тек өз көзқарасыңды өзгерткенде ғана көмектесемін деп шарт қойсам, мен саған ешқашан көмектеспеймін. Біз бір-бірімізге шындық мәселесінде көмектесуіміз керек. Біз Алладан мұсылмандар дәл осылай жасаса екен деп дұға тілейміз. Жүргізуші: Сіз имам әл- Әшғари мен әшғарилердің пікірлерінде айырмашылық бар мұсылмандармен намаз оқи береді деп айтып өттіңіз. Шейх Сайд: Айқын мысал келтірейін. Имам әш- Шафиғи муғтазилит болған ��афс әл-Фардпен дауласқан. Бұл пікір таласты Шафиғидің шәкірті әл-Музуни жеткізеді. Имам әл- Әшғари имам әш-Шафиғиға ергенін айтып кеттік. Міне, имам әш-Шафиғи Хафсқа оның сөздерінде күпірлік барын айтқанмен, оны кәпір деген жоқ және де Хафсқа такфир жасамады. Кейін олар шығып әш-Шафиғиға ұйып намаз оқыды. Намаздан соң Хафс Музуниға қалжыңдап: «Сенің ұстазың мені өлтіре жаздады»,- деген. Олар бір-бірімен келіспесе де, біріне-бірі ұйып намаз оқыған.  Жүргізуші: Бұл өте көркем амал. Мұндай ұстаным біздің тәртібіміз бен өзара қарым-қатынасымызға үлгі болу керек. Әңгімеңізге үлкен рахмет. Шейх Сайд: Сіздерге де рахмет! P/S: Шейх Саид бин Әбдул Латиф Фуданың (хафизахулла) қысқаша өмір баянына сілтеме  Дереккөз: darulfikr.ru Аударған: darulahnaf.com
from Blogger http://ift.tt/2vwIhVo via IFTTT
0 notes