Tumgik
#шойбалға
azh-kz · 5 years
Text
30 қаңтарда
Tumblr media
1894 жылы шойбалға патенттелді.
1914 жылы жазушы Саттар Ерубаев дүниеге келді.
1930 жылы КСРО-да әлемдегі алғашқы радиозонд ұшырылды.
1937 жылы Алматы хайуанаттар бағы ашылды.
1976 жылы Маңғыстау облысының Бозашы түбегінде Қаламқас кен орны ашылды.
1992 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрамына кірді.
1992 жылы Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының қазақ тіліндегі «Астана» газеті жарық көрді.
2003 жылы Бельгияда бір жынысты неке заңдастырылды.
2007 жылы Мәскеу монета сарайы қасиетті Құран кітабын алтыннан жасап шығарды.
2011 жылы Астанада "Қазақ елі" монументі алдында Азиада-2011 алауы жанып, эстафета басталды.
2013 жылы Маңғыстау облысында жаңа ауыл мен елді мекен пайда болды. Осылайша «Болашақ» ауылы мен «Рахат» елді мекені құрылды.
2018 жылы сегіз жасар ақтөбелік Мұса Түркімбаев турникте 42 рет тартылып, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.
2018 жылы Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылды.
0 notes