Tumgik
#Ахмет Байтұрсынов
azh-kz · 5 years
Text
27 қаңтарда
Tumblr media
Жеке мәліметтерді қорғау күні
1873 жылы ақын, ғалым, түрколог, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов дүниеге келді.
1918 жылы Эстония мен Латвия Ресейден тәуелсіздігін жариялады.
1935 жылы Германияда бірінші жасанды зүбаржат (изумруд) өндірілді.
1956 жылы Элвис Пресли теледидарда алғаш рет өнер көрсетті.
1986 жылы америкалық "Челленджер" ғарыш кемесі апатқа ұшырады.
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.
1993 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдады.
1994 жылы «Қазақстан-Заман» бірлескен қазақ-түрік газетінің базасында қазақ тіліндегі халықаралық тәуелсіз апталық - «Түркістан» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді.
2002 жылы – Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер – министрі болып тағайындалды.
2010 жылы Шымкент арқылы ағып өтетін Қошқарата өзені айрықша қорғалатын аумақ мәртебесіне ие болды.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) өзінің ресми сайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі веб-ресурсы - ortcom.kz таныстырды.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Тайқазан», «Amir Timur», «Боран», «Шәкен Айманов», «8 наурыз» және «Баскетбол. Олимпиада ойындары-2016» естелік монеталарын шығарды. Монеталар 925-ші сынамалы күмістен шығарылған.
2018 жылы Қытайда өткен Global golden chart awards салтанатында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Үздік әртіс» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
2019 жылы Атырауда Қазақстанның халық әртісі, дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияровқа ескерткіш орнатылды.
0 notes